ҚОС ПОЛИЦЕЙДІ ПЫШАҚТАҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СОТТАЛДЫ
Қос полицейді пышақтаған қызылордалық бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз хатшысы Исағали Тұңғышбаев.
«Сотталушы 2015 жылдың 9 қарашасында сағат 4-тер шамасында Қызылорда қаласындағы сауналардың бірінде сонда еден жуушы болып жұмыс істейтін танысымен бірге сыра ішіп, сол жерде сотталушы жанжал шығарып, танысын ұрады. Сол кезде сауна әкімшісі «102» нөміріне қоңырау шалып, көмекке полиция шақырған», - деді ол.
Сол жерге № 4 учаскенің №680 экипажы келіп, жанжал шығарып тұрған күдіктіге заң талабына бағынуын ескертіп, тәртіпке шақырады. Сотталушы сыртқа шыққан соң тәртіп сақшыларына пышақ сермеп, жарақаттар салған.
Сот үкімімен сотталушыға ҚР ҚК-нің 380-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ