АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН ШЫҒЫН СОМАСЫН ӨТЕДІ
Адам денсаулығына ауыр зиян келтірген қызылордалық сот үкімімен жазаға тартылып, моралдық және материалдық шығын өндірді.
Сотталушы Е.А. «Мерседес-бенц» маркалы автокөлігімен Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесімен келе жатып, жол жүрісін бұзып, «Ауди 100» маркалы көлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде "Ауди 100» автокөлігінің жолаушысы С.Ғ. дене жарақатымен Қызылорда ОМО-ның хирургия бөліміне жатқызылды.
Басты сот талқылауында сотталушы айыбын толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын айты. Ал жәбірленуші ұзақ уақыт ауруханада емделгенін, кешірім бермейтінін айтып, материалдық және моральдық залал өңдіруді сұрап сотқа талап арыз берді.
Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 345 бабының 2-бөлігімен 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жәбірленушінің пайдасына материалдық моральдық шығын өңдірілілді. 2 жылға пробациялық бақылау орнатылып, оның тәртібін бақылау Қызылорда қалалық қылмыстық атқару инспекциясына жүктелді.
Үкім заңды күшінде.
№2 Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі