МЕШІТ ЖАМАҒАТЫН ҮПТЕГЕН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТЫЛДЫ
Қызылорда қалалық №2 соты мешітке намаз оқуға келген жамағаттың ақшасы мен заттарын ұрлаған қызды қылмыстық жауапкершіліктен босатты, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
«Айыпталушы Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінде бірнеше рет ұрлық жасаған. Адамдардың намазға жығылған сәтін пайдаланып, олардың қабырғаға іліп кеткен сөмкелерінен ақша, ұялы телефондарын жымқырып отырған. Алғашқы қылмысқа өткен жылдың жазында барған. Ол қолды қылған сөмкеде банк карточкалары мен ақша салынған әмиян, кілттер мен «Самсунг» телефоны болған. Осындай әдіспен келесі адамды да үптеп кетеді. Екінші жәбірленушіге 120 000 теңге зиян келтірген», - делінген хабарламада.
Сот айыпталушының орта ауырлықтағы қылмыс жасағанын, жәбірленушілермен татуласқанын және шығынның орнын толтырғанын ескеріп ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігімен оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.