ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАР ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Жуырда Қармақшы аудандық сотында мас күйінде автокөлік жүргізген құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды. Оның көлік құралын басқаруға құқығы да болмаған.
Дәл осындай әрекетке байланысты ісі сотта қаралған келесі құқық бұзушы да, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде, «Урал» мотокөлігін басқарған.
Соттың қаулысымен құқық бұзушылардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәуліктен әкімшілік қамауға алынды.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі