АРАЛДЫҚ ЕКІ ШЕНЕУНІККЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Арал аудандық соты сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған екі шенеунікке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Іс материалдарына қарағанда, «Сексеуіл су құбыры сервис» МКҚК-нің директоры мемлекеттiк қызметтер атқаруға теңестiрiлген адам бола тұра, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланып, Сексеуіл кенті әкімінің орынбасарының өтінішімен 0,9651 га жер телімін оның әйеліне – жеке кәсіпкерге сатқан. Кент әкімінің орынбасары әйеліне пайда мен артықшылық алу мақсатында кәсіпорын директорын қылмысқа айдап салып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы ауыр қылмыстарды жасаған.
Екеуінің қитұрқы әрекеті куәгерлердің сөзімен және құжаттармен дәлелденді. Сот үкімімен біріне 5 жылға шартты жаза тағайындалса, екіншісіне 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Үкім әлі күшіне енген жоқ.