ҚАНДЫҚОЛҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірген және заңсыз қару алып жүрген сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Сотталушы И. былтыр тамыз айында әйелі және достарымен бірге туған күнде отырған. Түнде «жұмысқа баруым керек» деп шығып кетеді. Қалғандары отырысты әрі қарай жалғастырады. Бірақ кетіп қалған И. отырыстағы бір досына «мен біреулермен сөзге келіп қалдым, осындай көшеге келші» деп телефон шалады. Бұл хабарды естіген 7 адам 3 көліккке мініп, аталған көшеге барады.
Ол жерге келгенде И.-дан басқа ешкім болмай шығады. Оның айтуынша, онымен ерегіскен адамдар Садовая көшеге кеткен. Содан кейін, ол бір досымен бірге автокөліктердің біреуіне мініп өзінің үй жағына баруды сұрайды. Үйінің ауласына кіріп шамалы уақыттан кейін қолына шолақ мылтық алып шығады. Оны көрген достары қорқып кетіп, оған ұрысады. Алайда, ол «мылтықта патрон жоқ және оны әшейін қорқыту үшін алдым» дейді. Сөйтіп, көлікке мініп, көше бойында келе жатқанда, оларды басқа машина озып кетеді. Олар бұрылған кезде ол көлікте бұрылып, артынан келеді. Одан кейін, екі көлікте қатарынан келе жатқан кезде сотталушы И. шолақ мылтықпен қасындағы көлікке бағыттап 2 мәрте атады. Оқтың біреуі ол автокөлікті басқарып келе жатқан жүргізушінің басына тиеді. Алған ауыр жарақаттан ол, есін жимастан, ауруханада қайтыс болды.
Сот отырысында сотталушы И. кінәсін мойындаған жоқ, ал қалған екі сотталушы жасалған аса ауыр қылмысты біле тұра құқық қорғау органдарына хабарламағандарына өкініп, кешірім сұрады.
Жәбірленуші, қайтыс болған адамның әкесі, сотталушыларға заңға сәйкес қатаң жаза тағайындауды және олардан моральдық және материалдық залалды өндіруді сұрады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы И. аса ауыр қылмыс жасаған үшін, атап айтқанда, адам өлтірген және заңсыз қару алып жүрген үшін кінәлі деп танылып 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Қалған екі сотталушы аса ауыр қылмыс жасалғанын біле тұра ол туралы тиісті органдарға хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан шектелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сағатбек СҮЛЕЙМЕН,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы