СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН БҮРКІТ БАЛАПАНЫН ТАСЫМАЛДАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабында көрсетілген қылмысты жасаған сотталушы Ф.-нің қылмыстық ісі қаралды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Анықталғандай, сотталушы Ф. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласына күнкөріс қамында өзінің иелігіндегі автокөлігімен барған. Сол қалада жалданып құрылыс жұмыстарын атқарып жүріп, Жезқазған қаласындағы базардың ішінде, тергеумен анықталмаған, ұлты орыс азаматынан Қазақстан Республикасының Үкіметінің 31 қазан 2006 жылғы №1034 қаулысымен бекітілген «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне» енгізілген, бүркіт балапанын сатып алып, заңсыз иемденіп, өзі жалданып тұрып жатқан пәтеріне алып барып, заңсыз сақтаған.
Содан соң, сотталушы Ф. тұрғылықты мекен-жайы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына бара жатқан жолда, Жаңақорған ауданы тұсында, полиция қызметкерлері тоқтатып, тексерген. Тексеру барысында аталған бүркіт балапаны автокөліктің жүк салғышынан табылып, заңсыз тасымалдағаны анықталды.
Сот үкіміммен сотталушы Ф. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жарым жылға бас бостандығы шектелді.