АЛТЫ БАЛА КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНАН УЛАНДЫ
6 қаңтарда қаладағы Сәулет мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде келеңсіз оқиға орын алды. Бір отбасынан алты бала көмірқышқыл газынан уланып, облыстық балалар ауруханасына түсті, деп хабарлайды «Қазақстан» Ұлттық арнасы.
Таңғы үштің шамасында үйдің ішін жайлаған жағымсыз иіс отбасы мүшелерін шырт ұйқыдан оятты. Пешке салынған көмірдің дұрыс жанбауынан балаларға түгелдей иіс тиген. Көмірқышқыл газынан уланғандардың үлкені он екі жаста болса, кішкентайы алты айлық. Абырой болғанда үйде өрт оқиғасы болған жоқ, зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазір олардың жағдайы қалыпты, тиісті ем-домын алып жатыр. Төтеншеліктер осы орайда тұрғындарға айтып келмейтін апаттан сақ болуды ескертеді.