ЖОЛ-ПАТРУЛДІК ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛАБЫН ОРЫНДАМАҒАН
Қызылордада құқық бұзушы азамат Абай даңғылы бойында автокөлігін басқару барысында жол-патрулдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған. Бұл туралы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сол себепті құқық бұзушыға әкімшілік полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырған. Сот қаулысымен құқық бұзушы жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 471-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.