14 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ БАС КИІМІН ҚОЛДЫ ЕТКЕН АЗАМАТША ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
23 желтоқсанда сағат 15.30 шамасында ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығының 102 арнасына Қызылорда қаласының 2001 жылы туылған тұрғынының бас киімін белгісіз біреу басынан жұлып алып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түседі.
Аталған хабарлама бойынша Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы полиция аға лейтенанты Мейрман Толысбаев Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан бейнекамерамен фиксация алып, қашып бара жатқан азаматшаны байқайды. Жедел түрде осы аумақта барлау жұмыстарын жүргізіп Жол-патрульді полиция батальонына бағыт-бағдар беріліп, нәтижесінде 1982 жылы туылған азаматша ұсталады.
Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 1-бөлігі бойынша (Тонау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену дерегі 24 желтоқсан күні де орын алған. Атап айтқанда, сағат 11.00 шамасында қала орталығында орналасқан дүкен терезесінің темір торын бұзу арқылы кіріп, азық-түліктерді қолды еткені жайлы хабарлама келіп түседі. Залалдың жалпы сомасы 215 560 теңгені құраған.
Қылмыскер осы әрекетімен тоқтамай, 40 минут өткеннен кейін осы қылмыстық әрекетін аумақта орналасқан келесі дүкенде де жүзеге асырады. Бұл жолы ол кассадан 6000 теңге көлеміндегі ақшаны, 35 дана отшашулар мен аз ғана азық-түліктерді ұрлаумен шектеледі. Сөйтіп, дүкен егесіне жалпы көлемі 23 100 теңгені құрайтын шығын келтіреді.
Аталған деректер бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 30 жастағы қала тұрғыны ұсталады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі бойынша (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті азамат Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі