ӘКЕСІН БАЛАҒАТТАҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Туған әкесін балағаттаған Қызылорда тұрғыны сот шешімімен қамауға алынды. Араққа сылқия мас болып үйіне келген жас жігіт жөн сұраған әкесіне аузына келгенін айтып, балағаттаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол екі тәулікке қамауға алынды. «Бұл сирек кездесетін құбылыс емес. Және мұндай жағдайды жылы жауып, назардан тыс қалдыруға болмайды. Дегенмен, кейде адамдар аздап ащы судан ұрттап, қызбалыққа салынып, кейіннен оларды туысқандары кешіріп жататын жағдайлар да кездесіп жатады. Мысалға, анасы өзін балағаттаған үлкен ұлын сотта қорғап, кешірген кез де болды», - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Смағамбетова.
Алайда ол кезде ұлы да анасынан барлығының көзінше кешірім сұрап, істеген қылығына өкінетінін айтып, түзелуге уәде еткенін атап өту қажет. Содан кейін ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.
Алайда ол кезде ұлы да анасынан барлығының көзінше кешірім сұрап, істеген қылығына өкінетінін айтып, түзелуге уәде еткенін атап өту қажет. Содан кейін ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.