МАЛ ҰРЛАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Қызылорда ҚІІБ Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері күдік тудырарлық Ваз-2110 маркалы автокөлікті тоқтатып, көлікке қарау жүргізу барысында ішінен жылқы малының сойылған етін анықтайды.
Тексеру жұмыстары барысында қылмыскерлер Қоғалыкөл ауылының жайылымдық жерінде жайылып жүрген жылқы малын оқпен сұлатып, көліктеріне тиеп алып кеткендері белгілі болды. Аталған мал ұрлығы қылмысына күдікті ретінде оқиға орнынан 37 жасар және 23 жасар екі облыс тұрғыны ұсталды. Ұсталған күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында олардың қатысуымен 13 мал ұрлығы қылмысы жасалғандығы белгілі болды.
Атап айтқанда, 02 қазанда сағат 13.40 шамасында белгісіз біреулер Ақжарма ауылы, Тасбөгет кенті жанындағы жайылымдық жерде бақташысыз жайылып жүрген 1 айғырын, 1 биесін сойып алып кеткендігі жөнінде арызданған болатын. Залалдың жалпы құны 700.000 теңгені құраған.
Олар бұл әрекеттерімен тоқтамай, Тасбөгет кенті, Махамбетов ауылы тұрғынының жайылымдық жерде жайылып жүрген кұны 350 мың теңге тұратын айғырын, 22 қазанда Ақжарма ауылы тұрғынының құны 200 000 теңге тұратын жылқысын, 04 қазанда осы ауылдың тағы бір тұрғынының құны 500000 теңге тұратын жылқысын, 16 қазанда 400000 теңге тұратын жылқысын ұрлап кеткендігі белгілі болды.
Бұдан бөлек, 08 қазан күні Махамбетов ауылы, «Қаратабан» жайылымдық жерінде тағы да 4 тұрғынның жылқы және сиыр малдары қолды болып, жалпы құны 1200000 теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.
Сонымен қатар, орын алған қылмыстар бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жоғарыда аталған сезіктілерден бөлек 24 жасар азаматтың да қатыстылығы белгілі болды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы күні аталған қылмысқа қатысты 1 сезікті ҚІІБ-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі