ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРАҚШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ҮШ АЗАМАТТЫ «ІЗІН СУЫТПАЙ» ҚҰРЫҚТАДЫ
Қызылордалық полицейлердің ұйымдасқан жедел әрекеттерінің нәтижесінде 15 минут көлемінде қомақты ақшасы бар ойын автоматын ұрлаған 3 азамат құрықталды.
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында сағат 05.35 шамасында Жедел басқару орталығының 102 арнасына Тоқмағамбетов көшесі бойында орналасқан дәріханалардың бірінде кезекшілік атқарып отырған күзетшіден хабарлама келіп түседі. Аталған хабарламада дәріхананың кіре-беріс бөлмесінде орнатылған ойын автомат терминалын беттеріне медициналық маска киген бейтаныс үш азамат көтеріп алып кеткендігін, алайда оларды тоқтатуға әрекет жасалғанда тапаншаға ұқсас зат ұстаған үш азаматтың біреуі «айтсаң өлтіріп кетемін» деп қорқытқандығы көрсетілген.
Аталған хабарлама бойынша, Жедел басқару орталығының кезекші-инспекторы полиция лейтенанты Есілбайқызы Тамаша Қазыбек би-Тоқмағанбетов көшесінде орналасқан бейнекамералармен аумақты барлау барысында күдікті автокөлікті «фиксацияға» алып, Жол-патрульдік полиция батальонінің экипажына бағыт-бағдар береді. Оқиға орнына дереу жеткен экипаж қызметкерлері полиция аға лейтенанты А.Нұртаев, полиция сержанты Ж.Мамбетжанов және кіші сержант Қ.Ақтілеу санаулы уақыт ішінде Қызылорда қаласының 19 жасар, 20 жасар және 26 жасар үш тұрғынын ұстайды.
Аталған оқиға бойынша үш азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-бөлігі, 1, 3, 4-тармақшаларымен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті азаматтар ҚІІБ-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі