СУЫҚ ҚАРУ АЛЫП ЖҮРГЕНІ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Шиелі аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 251-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылған сотталушы К.-ге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Яғни ол суық қаруды алып жүрудің заңсыз екенін біле тұра, суық қару алып жүрген.
Іс құжаттарына сәйкес қоғамдық орындарда азаматтардың заңдылықты сақтауын қадағалау барысында Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері Шиелі станциясының теміржол вокзалының күту залында отырған сотталушы К.-ның жеке басын анықтау үшін оны полицияның кезекші бөлмесіне жеткізіп, тексеру барысында сөмкесіндегі ойыншықтардың астынан пышақ тауып алып, дәлелдеме зат ретінде хаттама толтырып алынған.
Сотта сотталушы К. өзіне тағылғын айыпты толықтай мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот сотталушының 1 жыл бас бостандығын шектеді.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі