КӨЛІККЕ ҚЫСТЫРЫЛЫП ҚАЛҒАН АДАМҒА КӨМЕКТЕСТІ
Қызылордада жол-көлік оқиғасы кезінде көлікке қыстырылып қалған адамға құтқарушылар көмектесті.
Жібек жолы көшесінде болған жағдай туралы облыстық жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығынан оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағына хабар түсті. Жасақ құтқарушылары дер кезінде төтенше жағдай орнына жетті.
Белгілі болғандай, бір адам көлік ішінде қысылып қалған екен. Құтқарушылар гидравликалық құрал-жабдықтардың көмегімен оны салоннан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.