БАЛАЛАРЫН ӨРТТЕН АРАШАЛАП ҚАЛҒАН ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АНА ТІЛЕГІ ШЕКСІЗ
Қызылордалық ана балаларын өрттен арашалап қалған құтқарушылардың ерлігіне шексіз риза. Сол үшін де өзінің риясыз алғысын білдірді.
Оқиға былай болған. 30 тамыз күні сағат 22.40 минутта Қызылорда қаласының Шұғыла мөлтек ауданындағы №3 үйдің 5-қабатының балконынан өрт шықты деген хабар түседі. «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру көлігі дер кезінде сонда жетіп, өрт құрсауында қалған 5 және 9 жастағы үш баланы аман алып қалады.
Пәтер сыртынан құлыпталған екен. Балалар шығар есік таппай қатты қорыққан. Жарақат та алған. Өрт сөндірушілер есікті бұзып кіріп, шапшаң қимылдың нәтижесінде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды жедел жәрдем қызметкерлеріне дер кезінде тапсырған.
Өз міндеттерін мүлтіксіз орындаған құтқарушыларға пәтер иесі Гүлжахан Ердебекова разылығын білдірді. «Балаларым жазатайым жағдайға тап болса, қайтер едім, балаларымды аман алып қалғаны үшін ол кісілерге айтар алғысым шексіз», - дейді үш баланың анасы.
Сағыныш ТҰМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨСжәне АҚЖҚ»ММ баспасөз қызметі