МАЛ ІЗДЕУГЕ ШЫҒЫП, ДАЛАДА ҚАЛҒАН ЖІГІТ ҮШ КҮННЕН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ
Шиелілік учаскелік полиция инспекторының қырағылығының нәтижесінде үш күн бұрын мал іздеуге шығып, үйіне қайта оралмаған ауыл тұрғыны аман-есен табылды, - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Шиелі ауданы, Бірлестік ауылының он тоғыз жастағы тұрғыны Болат 7 желтоқсан күні екі көршісімен бірге мотоциклмен ауыл сыртына мал іздеуге кетеді. Ауылдан 35-40 шақырым ұзай бергенде мотоциклдері бұзылып, сол жерде от жағып, түнеуге мәжбүр болған. Ертесіне ауылға жаяу бет алған үшеуі ауа райының қолайсыздығынан бір-бірінен көз жазып қалады. Екі жігіт үйлеріне аман оралып, Болат далада адасып қалып қояды.
Сол күннен бастап бүкіл ауыл жоғалған жігітті күні бойы іздейді. Нәтиже шықпағасын аудандық ІІБ-нің қызметкерлерін жұмылдырады. 10 желтоқсан күні Бірлестік ауылының солтүстік-шығыс беткейінен 50 шақырым қашықтықта әбден ашығып, әлсіреген Болат табылып, үйіне жеткізілді.