КІСІ ӨЛІМІНІҢ БАСЫ-ҚАСЫНДА БОЛҒАН ЖЕТЕУ ЖАЗАЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жеті адамға қатысты сот үкімін шығарды. Олардың бірі адам өлтіргені, атыс қаруын заңсыз алып жүргені, ал екеуі осы адамды өлтіруге көмектескені және енді бірі атыс қаруын заңсыз сақтағаны, ал екеуі қылмыстың жасалғаны туралы хабарламағаны үшін сотталды.
Олар жалдамалы пәтерде ішімдік ішіп отырып, жәбірленушіні өлтіру туралы келісімге келіп, соны іске асырудың қамына кіріседі. Жәбірленушінің тұратын мекен жайына келіп, алдын ала жасалған келісім бойынша біреуі сырттан бөгде адамдардың келіп қалмауын бақылау үшін, автокөліктің ішінде қалса, оқталған шолақ мылтықпен қаруланған екеуі және қарусыз біреуі болып, аталған үйдің кіре берісінің 2 қабатына көтеріліп, одан әрі жоспар бойынша қарусызы пәтердің есігін қағып, үй иесіне есіктің сыртында тұрып, өзін «Мақсатпын» деп жалған есіммен таныстырып, жәбірленушіні шақырып жіберуді сұраған. Пәтер иесі ұлын ұйықтап жатқан жерінен оятып, танысының келіп тұрғанын айтқан кезде, соңғы орнынан тұрып, пәтердің кіре беріс сыртқы есігін ашқан. Сол сәтте қаруланған біреуі қолындағы шолақ мылтықпен марқұмның өмірі мен денсаулығына қауіпті органы, іш тұсынан 1,5 м. қашықтықтан бір мәрте оқ атып, сыбайластарымен бірге жүгіріп қашып шығып, күтіп тұрған автокөліктеріне отырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Сотталушылар басты сот талқылауында айыптарын бірі мойындап, екіншісі ішінара мойындаса, кейбіреуі айыбын мойындамады, жауапкершіліктен қашқысы келді, алайда, олардың кінәлері іс бойынша зерделенген куәлердің жауаптарымен, сараптамалардың қорытындыларымен толық дәлелденді.
Сот төрт сотталушыға 16 жыл, 14 жыл, 11 жыл, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.
Қалған үш сотталушының бірі заңсыз қару сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан шектелсе, ал қалған екеуі қылмыстың болғанын жасырып, хабарламағаны үшін ҚР ҚК-нің 364-бабымен кінәлі деп танылып, оларға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының баспасөз қызметі