МЕКТЕПКЕ БАРМАҒАН БАЛАНЫҢ АНАСЫНА АЙЫППҰЛ САЛДЫ
Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектепке себепсіз бармай қалған №112 орта мектептің 9-сынып оқушысының анасына айыппұл салды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Баланы тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамаған ананың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік іс қозғаған. Сот әкімшілік іс материалдарын зерделеп, оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 13874 теңге айыппұл салды.