ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІНЕ КІРІП, АҚШАСЫН ИЕМДЕНГЕН 2 ӘЙЕЛДІ ҰСТАДЫ
Қызылордалық полицейлер алаяқтық қылмыстық әрекеттер жасаған 2 азаматшаны қолға түсірді.
ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың мамыр айында Б.А. есімді азаматша 1963 жылы туылған қала тұрғынының сеніміне ие болып, «Даму» бағдарламасы арқылы несие алып беремін деген желеумен 60000 теңгесін алып, қайтармайды. Жәбірленуші полиция қызметіне арызданып, оның арызы бойынша күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында оның бұдан бөлек осындай тәсілмен екі адамды арбауына түсіргендігі анықталды. Мәселен, ағымдағы жылдың мамыр айында 1946 жылы туылған қала тұрғынынан «Даму» бағдарламасы арқылы «несие алып беремін» деп 220000 теңгесін алып қайтармаса, дәл осындай арамдықпен мамыр айында 1966 жылы туылған азаматшаның 70000 теңге көлеміндегі ақшасын заңсыз иеленгендігі белгілі болды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде азаматтардың сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы кұны 200000 теңге көлемінде шығын келтіру дерегі бойынша тағы бір қылмыстың беті ашылды. 1973 жылы туылған қала тұрғыны Ө.Г. есімді азаматшаның «жұмысқа тұрғызып беремін» деген желеумен 100000 теңге көлеміндегі ақшасын алып, қайтармағандығы жөнінде арызданған болатын. Аталған алаяқтық дерегі расталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті азаматша ұсталды. Тергеп-тексеру жұмыстары барысында, оның бұдан бөлек 1991 жылы туылған азаматшадан да дәл осындай тәсілмен 100000 теңге алып, қайтармағандығы белгілі болды.