ҮШ АДАМҒА ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қала шетіндегі саяжайда кешкілік уақытта бірге арақ ішіп отырған сотталушы М. танысы сотталушы Д-ға өзінің бұрынғы жездесінің науқастанып, балдақпен жүретінін, 2 топтағы мүгедек екенін, жалғыз тұратынын, жақында атына тіркелген автокөлігінің сатқан ақшасы үйінің сейфінде бар екенін айтып, ақшасын жымқырып, пайда табу жөнінде ұсыныс жасап, ал, сотталушы Д. оны қолдап, екеуі қылмыстық келісімге келген.
Сөйтіп екеуі алкогольді масаю күйінде М-ның жездесінің үйіне келгенде, олардың қылмыстық әрекеттерінен бейхабар болған үй иесі А. қарсы алып, ауласына кіргізген. Одан әрі М. үй иесі А-дан ақша сұрап, бермегендігі үшін ұрып, жерге құлатып, үйіне кіргізіп, қолын артқа қайырып, жіппен байлап, күш қолданып, ақша сақтаулы сейфінің кілтін сұрап, ұрып-соққан. Жәбірленуші кілтті және ақшаны беруден бас тартқан соң, мүгедектігіне байланысты және қолдары байлаулы болып дәрменсіз күйде жатқан жәбірленушінің тыныс алу жолдарын жабу үшін аузына сол жерден тауып алған шүберекті тығып, оған ауа келмес үшін екеулеп мұрнына және басына бірнеше қабаттап киімдер мен сүлгіні орап байлап, оны тұншықтырып, қасақана өлтірген.
Жәбірленушінің 30 000 теңге ақшасы мен қолына тағып жүрген құны 80 000 тұратын жүзігін алып, қылмыс іздерін жасырып, оқиға орнын өртеп, кетіп қалған.
Қайта саяжайға жетіп, сонда тұрып жатқан сотталушы М-ның туысқан апасын ұйықтап жатқан жерінен оятып, бұрынғы некедегі куйеуін өлтіріп, үйін өртеп жібергендерін айтады. Өз кезегінде апасы сотталушы Б. қасақана жасалған әрекеттердің нәтижесінде зардабы адам өліміне әкеп соққан аса ауыр қылмыстың жасалғанын біле тұра, ол жөнінде құқық қорғау органдарына хабарламаған.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы М. ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (қарақшылық), 99-бабының 2-бөлігінің 3,7,8 тармақтарымен (пайдакүнемдік ниетпен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып адам өлтіру) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 18 (он сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді;
Сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 99-бабының 2-бөлігінің 3,7,8 тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 20 (жиырма) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 434-бабымен (қылмыс жасалған туралы хабарламау) кінәлі деп танылды, оның көп балалы ана болғандығы және ауру екендігі ескеріліп, 3 жылға бас бостандығынан шектелді.
Айта кететін жағдай, сотталушылар М. және Д. бұрын сотты болған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі