ТӘРТІП САҚШЫСЫН ШЫНЫ БАНКІМЕН ҰРҒАНЫ ҮШІН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Шиелі аудандық сотының үкімімен сотталушы А. полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, жеңіл дәрежелі дене жарақатын салғаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Бұл туралы осы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс құжаттарына сәйкес әкімшілік полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Н. бірнеше күн сабаққа келмей жүрген 2 сынып оқушысы Е.-нің не себеппен мектепке келмей жүргендігін білу мақсатында ата-анасының үйіне барады.
Оқушының әкесінің түсінік беруін айтқан. Осы сәтте мас күйіндегі сотталушы А. «менің баламда сенің қандай шаруаң бар?» деп, тәртіп сақшасын асхана бөлмесіндегі бір литрлік шыны банкімен ұрып, жеңіл дәрежелі дене жарақатын салады.
Сөйтіп, сотталушы А. өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындау барысында оның заңды талабына бағынбай, оған қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолданып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 321-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмысты жасап, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді.