ҚАЙТАЛАП ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН АЗАМАТША 6 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қызылорда қалалық №2 соты жәбірленушіні 6 миллионнан астам теңгеге тақырға отырғызған әйелге қатысты үкім шығарды.
Сотталушы 2015 жылы 17 тамызда Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабының 4-бөлігінің «б»-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жазасымен сотты болған. Алайда, жүктілік жағдайында болуына байланысты ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, тағайындалған жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылған.
Жазадан тиісті қорытынды шығармай, түзелу жолына түспей, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ниеті туындап, жәбірленуші Г.К.-нің пәтерін өзімен бірге қылмыстың құралы ретінде тасымалдап жүрген бірнеше кілттерді салу арқылы ашып, заңсыз кірген. Одан әрі қарай сотталушы Т.А. құнды заттарды ұрлап, жәбірленуші К.Г.-ға жалпы құны 6 185 178 теңгеге мүліктік залал келтірген.
Сотталушы Т.А. басты сот талқылауында өзіне тағылған айыпты толығымен мойындайтынын, бас шарасын бостандықта қалдыруды сұрайтынын көрсеткен. Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен сотталушы Т.А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен бірге ҚР ҚК-нің 60-бабының 1, 4-бөліктерінің талабына сай, оған Қарағанды облысы, Сатбаев қалалық сотының 17.08.2015 жылғы үкімімен жүктілігіне байланысты 1 (бір) жылға кейінге қалдырылған жазасын ішінара қосу жолымен, түпкілікті мүлкін тәркілеп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалы.
Енді сотталушы Т.А. жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі