АҚБӨКЕН БӨЛІКТЕРІН ТАСЫМАЛДАҒАНДАР СОТТАЛДЫ
Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 290-бабымен айыпталған М. мен И-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушылар И-дың басқаруындағы Нива автокөлігімен Байқоңыр ғарыш айлағының аумағынан 4 дана қапқа салынған ақбөкен аңының өлікселерін байқап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 шілде 2004 жылғы №969 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақбөкен аңын, олардың бөліктерін пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, 4 бас ақбөкен аңының өлікселерін автокөліктеріне салып алып, пайдалануға тыйым салынған, құрып кету қаупі төнген жануар етін сақтап, тасымалдаған.
Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, шын жүректен өкініп, кешірім сұрап, енді мұндай әрекетті қайталамайтындарын, өздерінің үстерінен қозғалған қылмыстық істі қысқартуды сұрайтындарын көрсетті.
Сот қылмыстық іске жан-жақты баға бере келе, олардың бұрын сотты болмағанын, кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетіндерін, сот сотталушылардың жеке басының қоғамға қауіпті емес екенін, оларды қайта тәрбиелеуге толық мүмкіндік барын ескеріп, әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі