БӨТЕЛКЕЛЕСІН ӨЛТІРГЕНІ ҮШІН ОН ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді деп айыпталған азаматты қатаң жазаға кесті.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыс биыл тамызда болған. Жасы қырықтың үстіндегі сотталушы «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде танысымен арақ ішіп отырып, әңгімелескен. Сол арада екеуінің арасында жанжал туып, ол бөтелкелесін бірнеше рет пышақтаған.
Сотталушы бұған дейін де бұзақылық жасағаны үшін үш жылға сотталған. Алайда, одан нәтиже шығармай, тағы да аса ауыр қылмыс жасады. Енді тағы он жылын ерекше режиміндегі түзеу колониясында өткізеді.
Сотталушы бұған дейін де бұзақылық жасағаны үшін үш жылға сотталған. Алайда, одан нәтиже шығармай, тағы да аса ауыр қылмыс жасады. Енді тағы он жылын ерекше режиміндегі түзеу колониясында өткізеді.