ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАН АЗАМАТТЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕДІ
Сырдария аудандық соты жайылып жүрген жерінен жылқы ұрлаған азаматтың бас бостандығын шектеді. Бұл туралы осы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы Б. «Камаз» көлігімен Жаңадария ауылына баратын тас жолдың бойымен жаяу жүріп келіп, күріш егістік алқабында жайылып жүрген бір үйір жылқыны көреді. Жанына жақындап барып, өзімен бірге алып келген жемді жерге шашады.
Аталған бір үйір жылқының арасынан жәбірленуші Г.-ның құны 450 000 теңгелік, торы түсті, бір бас еркек жылқысы оның шашқан жемін келіп жеп тұрған сәтте, өзімен бірге арнайы алып келген ақ түсті арқан жібімен аталған жылқыны ұстап, ноқталап алып, үйірден алып шығып, иеленіп, ұрламақшы болады.
Осы сәтте алдынан сол ауылдың тұрғыны А. шығып қалуына байланысты, сотталушы Б. өзінің бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға тікелей бағытталған қылмыстық іс әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмайды.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24 бабының 3 бөлігімен 175 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы баппен 1 (бір) жыл мерзімге бостандығынан шектелді.