ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫНА ЗАҢСЫЗ ЖЕГІЛГЕН МИГРАНТ ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Қызылордада құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылған өзбек азаматы әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция қызметкерлері қалалық прокуратура өкілдерімен бірлесіп арнайы шолу жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының азаматы З.-ның Қазақстанға 27.07.2014 жылы жеке шаруамен келіп, жергілікті ІІО-на 26.08.2014 жылға дейін уақытша тіркеуге тұрғанын, қазіргі уақытта пайда табу мақсатында қаладағы бір үйде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүргенін анықтады. Ал келу мақсаты көші-қон карточкадағы мақсатқа сай болмаған. Яғни ол ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
Құқық бұзушы З. ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп табылып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.