ЗАҢСЫЗ ҚАРУ, ЕСІРТКІ ЗАТЫН ТАСМАЛДАҒАН БҰЗАҚЫ ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАЗАСЫН АЛДЫ
Сотталушы С.Е қоғамдық тәртіпке және халық денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығын алдын ала болжап біліп және осы зардаптардың туындауын қалап, төмендегідей қылмыстық құқық бұзушылық жасаған:
Атап айтқанда, С.Е. 2005-2006 жылдары тергеумен анықталмаған уақытта, Алматы қаласының шет аумағындағы анықталмаған жерден №ЧР 432 револьвер атыс қаруын 40 дана оқ-дәрілерімен бірге тауып алып, өзімен бірге сақтаған. 2015 жылдың 15 шілдесінде жеке жұмыстарымен мемлекеттік белгісі kz 285 SKA-02 сериялы, «Тойота Ланд Крузер Прадо» маркалы автокөлігімен Алматы қаласынан Қызылорда қаласына жолға шығып, автокөліктің жүк салғышында аталған қаруды 40 дана оғымен бірге апиын есірткі затын өзі пайдалану үшін алып, сақтап, тасымалдаған.
Қызылорда қалалық № 2 сотының үкімімен сотталушы С.Е Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 198 200 (бір жүз тоқсан сегіз мың екі жүз) теңге айыппұл салынып, және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабымен 3 бөлігімен кінәлі деп танып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енбеген.
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі