АДАМ ТОНАҒАН ЖАСӨСПІРІМ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТЫЛДЫ
Түнгі клуб жағалап жүріп адам тонаған қызылордалық жасөспірімді сот қылмыстық жауаптылықтан босатты.
Облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы түнгі клубка шығып, жолда кетіп бара жатқан жәбірленушіні аяғынан шалып құлатып, қалтасынан ұялы телефонын алып, қашып кеткен. Басты сот талқылауында кәмелетке толмаған сотталушы кінәсін ішінара мойындады.
Сот ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігінің және 83- бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстық істі өндірістен қысқартып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.