ЖОЛАУШЫНЫ ӨЛТІРГЕН ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ СОТТАЛДЫ
Қызылордада жол ақысын бермегені үшін адам өлтірген такси жүргізушісіне сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы С.Сүлеймен мәлімдеді.
Отыз алты жастағы азамат жеке автокөлігімен кісі тасымалдайды екен. Бірде әдеттегідей кезекті жолаушыны сұраған жеріне жеткізіп салады. Жол ақысын сұрағанда әлгі бере қоймайды. Сол үшін оның жүрек тұсынан бірнеше мәрте пышақ сұғып өлтірген.
- Қоғамдық пікір туғызған іс бойынша қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар марқұмның әйеліне 1 миллион теңге моральдық зиян төлейтін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді сот төрағасы.