БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙ 18 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Сотталушы орындығында – ІІМ-нің бұрынғы майоры. Ол сыбайласымен бірге Байқоңыр қаласындағы валюта айырбастау пунктінің қызметкерін өлтірді деп айыпталды.
Қызылорда қалалық «Қоғам» телеарнасы хабарлағандай, атышулы іс бойынша сот отырысы екі айға созылды. Бұрынғы тәртіп сақшысы қызметтік өкілеттігін пайдаланып, марқұмнан бірнеше рет қарыз алған. Марқұмның сенгені сондай, қомақты қаржыны оған ешбір пайызсыз ойланбастан ұстата салады екен. Сотталушы соңғы рет 100 мың алған. Бірақ қарызды қайтарғысы келмепті. Тіпті, өзіне жақсылық жасаған адамды «табанда жоқ қылып жіберем» деп қорқытқан. Ақырында айтқанын істейді.
Сыбайласымен бірге оны пышақтап өлтіреді. Жәбірленушінің айқайын естіген келіншегі көрші бөлмеден атып шығады. «Көмектесіңдер» деген оны да аямай, терезе пердесімен тұншықтыра бастайды. Жәбірленуші оқиқа орнында қайтыс болған. Әйелі аман қалды. Полиция майоры сыбайласымен пәтерден бүкіл ақшаны көтеріп кеткен. Алайда, олар іздерін суыта алмады.
Сол күні екеуін тәртіп сақшылары қолға түсірді. Айыптылардың әрқайсысы жазаларын 18 жыл бойы қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Оның үстіне, бұрынғы полицей майор атағынан айырылды.

Назерке САНИЯЗОВА