ҚҰПИЯ ӨЛІМНІҢ ҚЫР-СЫРЫ АНЫҚТАЛУДА
Қызылорда қаласының тұрғыны Сағат Тоқбергеновтің уақытша ұстау абақтысында дарға асылып қайтыс болғанына туыстары күмәнданып отыр. Олар марқұмның ажалы адамнан келгеніне сенімді.
«31 арна» тілшісінің хабарлауынша, Сағат «жұмыс іздеймін» деп Қызылордадан Астанаға кеткен соң өлімі туралы суық хабар жеткен. «Құқық қорғау орындарынан жағдайдың қалай болғанын сұрастырғанымызда оның Шиелі ауданындағы уақытша ұстау абақтысында өз-өзіне қол жұмсағанын білдік» дейді жақындары. Сорақысы сол, туыстары тіпті, оның қамауға алынғанынан да бейхабар болып шықты.
Қара жамылған отбасы бауырларының дарға асылып қайтыс болғанына да сенгісі келмейді. Өйткені денесінде жіптің іздері жоқ көрінеді. Прокурорлар тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Шынтемір Дарбаев,
Қызылорда облыстық прокуратурасының
2-басқарма бастығының орынбасары:
- Өз киіміне асылып қайтыс болғаны жөнінде хабарлама түскен. Дерек облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасында Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.