БУХГАЛТЕРИЯДАҒЫ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ
Қызылордада қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының бас есепшісі мен есепшісі сотталды.
Қалалық №2 сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сайдуллаев мәлімдегендей, екеуі пара алғаны үшін айыпталды. Сөйтіп, Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына, ал есепшісі 28-бабының 5-бөлігі, 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына қайшы әрекеттер жасаған. Сот шешімімен мүлкіктері тәркіленіп, материалдық жауапкершілік жүктейтін лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Және параның 50 еселенген соммасы мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл дегеніміз – әрқайсысына 148 миллион теңге.
Қаладағы мектептердің 1-2 сынып оқушылары мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларын тамақпен қамтамасыз етуші жеке кәсіпкерлерге қатысты да сот ісі аяқталды. Пара берді деп айыпталған 7 адам да бұдан былай тамақ өнімдерін қамтамасыз ету қызметімен айналыса алмайды. Оларға параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

Назерке САНИЯЗОВА