САРАПШЫЛАР ӘУЕДЕГІ А321 АПАТЫНЫҢ ҮШ ТҮРЛІ СЕБЕБІН ҰСЫНДЫ
Сарапшылардың айтуы бойынша, А321 ұшағының құлауына салондағы жарылыс саңылауларының ашылып кетуі себеп болуы мүмкін. Оған қатысты үш нұсқа ұсынылып отыр. Сарапшылар Локерби аспанында болған лаңкестікті мысалға келтіріп, тергеудің ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Ъ».
Сенбі күні Синай түбегіне құлаған «Когалымавиа» (Metrojet) Airbus A321 жолаушылар ұшағының жерге жетпей, әуеде жарылғаны анықталды.
Сарапшылар Ресейдегі ең үлкен авиапатқа ұшақ салонында жарылыс саңылауларының ашылып кетуі себеп деген болжам жасауда. Ұшақ корпусының зақымдануына жарылғыш бомбаның да қатысы болуы мүмкін. Дегенмен, оқиғаны зерттеушілер нақты шешімге келулері үшін ұшақтың бар бөліктерін жинап, құрастырулары қажет.
Flightradar24.com интернет-порталының ақпараты бойынша, сенбі күні мысырлық Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербург қаласына бағыт алған ұшақ 21 минуттың ішінде 10 210 м биіктігін бағындырып, 748 км/сағ жылдамдықпен ұшқан. Бір минуттен кейін ұшақ 8649 м-ге дейін төмендеп, жылдамдық 172 км/сағатты көрсеткен. Яғни сол сәттен ұшақ құлай бастаған.
7 адамнан құралған ұшақ экипажы мен 217 жолаушының басым бөлігі Мысыр шипажайларынан қайтып келе жатқан Санкт-Петербург тұрғындары екен. Ұшақ Синай түбегінің аумағына құлады. Апаттан аман қалған ешкім жоқ.
Сарапшылар ұсынып отырған екінші нұсқаға сүйенсек, ұшақ апатына корпус төсемдеріне түскен сызаттар себеп болған. 2001 жылы аталмыш ұшақ Каир әуежайына қонарда жерге соғылып түскен. Авиация әлемінде «өкшенің жанап өтуі» деп аталатын бұл оқиғадан кейін ұшақ тексерістен өткен болатын. Дегенмен, жөндеу жұмыстарында бір ақау кеткен деген болжам жоққа шығарылмай отыр.
Одан басқа, корпустағы жарылғыш саңылаулардың ашылып кетуіне ақаулы қозғалтқыш та себеп болуы мүмкін, деп болжап отыр сарапшылар.