ҚЫЗЫЛОРДАДА БАРЫМТАНЫ КӘСІП ЕТКЕН ЕКІ ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
Қызылордада қазан айының 20-22 күндері аралығында «Соғым» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Үш күнге жалғасқан жедел-профилактикалық шараға арнайы жұмыс тобы құрылып, ішкі істер органдарының барлық бөліністері мен қызмет салаларынан 330 күш-құрал жұмылдырылды, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
Жедел-профилактикалық шараның 3 күндік жұмысы нәтижесінде 6 мал ұрлығы қылмысының беті ашылып, 2 адамнан тұратын 1 қылмыстық топ құрықталды.
Сонымен қатар, шара барысында бұрын жасалған бірнеше қылмыстық фактілердің беті ашылған. Мәселен, 2014 жылдың тамыз айының 3 мен 5 күндері аралығында Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылының тұрғыны өрісте жайылып жүрген 1 бас сиыры ұрланып, жалпы құны 100.000 теңге көлемінде залал келтіргендігі жайлы арызданған болатын.
Дәл осындай дерек 2014 жылғы қыркүйек айының 9 күні де орын алған. Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы тұрғыны өрісте жайылып жүрген құны 50.000 теңге тұратын 1 бас баспағын ұрлап кеткендігі жайлы арызданған болатын. Осы екі дерек бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1985 жылы туылған ауыл тұрғыны ұсталды. Оның басқа да мал ұрлығы қылмыстарына қатыстылығын анықтау барысында, бұдан бөлек 6 мал ұрлығы қылмысын жасағандығы белгілі болды. Аталған азамат кінәсін толық мойындап, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, полиция қызметкерлері бөтен мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында облыс тұрғындарына малдарды қараусыз жібермей, күзетті күшейту керектігін және жергілікті тұрғындар арасында сенімге ие адамға немесе бақташыға (падашы) тапсыруын сұрайды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына мал ұрлығы қылмысы орын алған жағдайда уақытты шығындап, өз бетінше іздеуге тырыспай, тәртіп сақшыларына хабар беру қажеттігін ескертеді.