ЕКІ СОТТАЛУШЫ ДА 18 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Сотталушының біреуі Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде қызмет жасап жүріп, ақша айырбастау бөлімшесінде жұмыс істейтін танысынан қарызға бірнеше рет ақша алып жүрген. 04.02.2014 жылы ол тағы да 100000 теңге ақшаны 20.02.2014 жылға дейін қайтарамын деп қолхат жазып алған болатын.
Алайда, аталған сомманы белгіленген уақытында бермейді. Жәбірленуші болса «ақшаны қайтар» - деп сұрай берді.
Осыдай кейін, қарызын бермеу үшін және қолхатты өзіне алу үшін, сотталушы А-ға жәбірленушіні өлтіру туралы ой келеді. Бірақ, жәбірленуші одан әлдеқайда ірі және денелі болғандықтан, ол бір өзі оған шамасы келмейтіндігін ұғынып, ол «көп ақша аламыз» деп Б. деген танысына өзінің ойын айтып береді. Сотталушы Б. оның жоспарына келісіп, екеуі жәбірленушінің үйіне барады.
Форма киген және өзіне қарыз болған адамды көрген жәбірленуші ешқандай жаман ойы болмай есігін ашады. Сол кезде сотталушы Б. оған өзімен бірге алып келген пышақты сұға бастайды, алайда, жәбірленуші қарсыласып, пышақтың жүзінен екі қолымен ұстап алады. Сол кезде бұрыңғы полиция қызметкері, сотталушы А, жәбірленушінің екі қолыннан ұстап тұрып екінші сотталушыға пышақты оның жүрек тұсынан ұруға мүмкіншілік жасайды.
Алайда, пәтердің ішінде болған жәбірленушінің әйелі болып жатқан оқиғаны көрген сон, терезені ашып, көмек сұрап айқайлайды. Оның артынан бұрыңғы полиция қызметкері жүгіріп барып, пердемен мойнын орап алып, «ақша кайда?» деп сұрайды. «Ақша үйде жоқ» деген әйелді пердемен қылқындыра бастайды.
Сол кезде сотталушы Б. оған қашамыз деп айқайлайды. Сөйтіп, өзінің ойын іске асыра алмаған қылмыскер сотталушы Б-мен бірге пәтерден қашып кетеді.
Пышақтан ауыр жарақаттар алған жәбірленуші оқиға болған жерде қайтыс болды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі сотталушыда адам өлтірген және адам өлтіруге оқталған үшін әр қайсысы 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкілері тәркіленіп, сотталушыны біреуі майор атағынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі