ТАНЫСЫНЫҢ ҰЛЫНА ЖҰМЫС ТАУЫП БЕРЕТІН БОП 500 МЫҢ ТЕҢГЕСІН ҚАҒЫП АЛҒАН
Шиеліде танысының ұлын теміржолға жұмысқа тұрғызып беретін боп 500 мың теңгесін қағып алған әйел қылмыстық жауаптылықтан құтылып кетті. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Алаяқтық жолмен алған ақшаны ол өзінің бас пайдасына жаратып жіберген. Сөйтіп, сотталушы Қылмыстық кодекстің 177-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған. Сот талқылауы барысында белгілі болғандай, сотталушы өзінің айыбын мойындап, жәбірленушімен татуласқан.
Соған байланысты Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.