ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛІН БАЛАҒАТТАҒАН ЕР АДАМ 10 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ
Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімімен азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, 2015 жылдың 12 қыркүйек күні, «орта» дәрежелі масаң күйінде, өз үйінде, әйелінің мазасын алып, балағат сөздер айтқан, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.