КӨЛІККЕ МАС КҮЙДЕ ҚАЙТА ОТЫРҒАН АЗАМАТ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен айыпталған М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Азамат М. 2015 жылдың шілде айының 22-күні Қазалы аудандық сотының қаулысымен көлік жүргізу құқынан 3 (үш) жылға айыру жазасы түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алайда, 2015 жылдың қыркүйек айының 6 күні азамат М. көлік жүргізу құқығынан айырылғанын біле тұра, мас күйінде көлік жүргізу барысында Қазалы ауданының ІІБ БЖПП қызметкерлеріне ұсталды.
Сот құқық бұзушыны қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танып, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 49 550 теңге айыппұл сала отырып 3 (үш) жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі