БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЕУРАЗИЯ» САУДА ҮЙІ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Бүгін таңғы 02 сағат 52 минут шамасында Ресей ТЖМ өрт сөндіру штабына Байқоңыр қаласындағы «Еуразия» сауда орталығы жанып жатқаны бойынша хабар келіп түсті.
Оқиға орнында өртті ауыздықтауға және қорғауға жеке құрамдағы 114 адам және 12 өрт сөндіргіш техника жұмылдырылды.
Өрт сауда үйі ғимаратының 1000 шаршы метрін жалмап үлгірген, 600 шаршы метр төбесі жанып ортаға түскен. Қазіргі таңда өрттен келген залал мөлшері анықталуда. Жарақат алған немесе қайтыс болғандар жоқ.
Жедел тергеу амалдарын Ресей ТЖМ-нің ФПС №70 арнайы басқармасы жүргізуде.