СОРА ӨСІМДІГІН ІРІ МӨЛШЕРДЕ ЗАҢСЫЗ ЕГІП ӨСІРГЕН
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300 бабының 2 бөлігінің 1 және 3 тармақтарымен, 296 бабының 3 бөлігімен сотталушылар С.Ш., М.А., және С.К.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушылар С.Ш., М.А., және С.К. 2015 жылдың сәуір айынан бастап Арал ауданына қарасты елді мекенінен шығысқа қарай 40 шақырым жерде құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған 3781 түп сора өсімдігін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде заңсыз егіп өсірген. Сотталушы С.Ш. ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз 484 гр. кептірілген марихуананы заңсыз дайындап, сақтаған жерінен 29 қыркүйек 2015 жылы Арал аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында оқиға орнында ұсталды.
Сотталушылардың қылмыстық әрекеті, сотта өздерінің айыбын мойындап берген жауаптарымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушы С.Ш. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1 және 3 тармақтарымен, ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті 5 жыл мерзімге, сотталушылар М.А., және С.К. ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1 және 3 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі