ТУЫСКАНДАРЫН ӨЛТІРІП, 20 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Сотталушы өзінің нағашысына үйіне баратынын айтып хабарласқан. Оған нағашысы келмей-ақ қоюды айтқанда, араққа тойып алған сотталушы арада туындаған болмашы сөзді желеу етіп, туысқанын үйіне аңшы мылтығын ала барады.
Содан, нағашысының үйіне келіп, оны сыртқа шақырып алады. Екеуінің араларында жанжал туады. Оларды жәбірленушінің жұбайы мен баласы ажыратып, оны үйіне кіргізіп жіберіп, артынан өздері кіріп, есікті ішінен жауып алады.
Ашуланған сотталушы көлігінің артынан өзімен бірге алып келген оқтаулы мылтығымен ашықтан ашық дарбаза сыртынан атады. Нәтижесінде, нағашысының сол мезгілде ауласының ішінде жүрген оның жүкті келіні мен жас сәби немересі атылған қару оғынан қайтыс болды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 1,6,9-тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 20 (жиырма) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі