ЕСІРТКІ САТАМЫЗ ДЕП, БАС БОСТАНДЫҚТАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде есірткі затын сатпақшы болған 45 жастағы екі азаматқа қатысты айыптау үкімі қабылданды. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сотталушылардың біреуі Сырдария өзенінің жағасындағы қалын жыңғыл арасынан кептірілген марихуана салынған бір полиэтилен пакетін тауып алғанын айтты. Оны басқа жерге жасырып тығып қойып, ол тапқан заты туралы өзінің танысына айтады.
Одан кейін, екеуі сол жерге бірнеше рет келіп марихуананы шегіп жүрген. Осындай бір кездесуде екеуі оны сатып, ақша табуға келіседі. Танысы сатып алушыларды іздестіруге уәде береді.
Бір күні ол сатып алушы табылды деп хабарласады. Алайда, күмән туғыздау мақсатында Астанадан келдім деген сатып алушы, шын мәнінде есірткімен күрес жүргізетін жедел топтың бір мүшесі екенін олар білген жоқ.
Ештенеден бейхабар болған сотталушылар сатып алушымен кездесіп, есірткі затын таразыға өлшейді. Салмағы 2084 грамм болған марихуананы сатып алушы әр киллограмын 250000 теңгеге аламын деп, оларға арнайы белгі соғылған 500 000 теңге ақша табыс етеді. Ақшаны алып, қалталарына салған кезде сотталушыларды полиция қызметкерлері ұстайды.
Басты сот талқылауында екі сотталушыда кінәләрін толық мойындады. Соттың үкімімен олар 10 және 11 жылға мүлкілері тәркіленіп, бас бостандықтарынан айырылды. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес олардың біреуіне жаза өтеу орнында нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу шаралары өткізу қолданды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.