ҚЫЗЫЛОРДАДА 6 ЖАСАР БАЛА ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ
2015 жылдың 30 қыркүйегінде сағ 16:09 «101» нөміріне Дәуітбаев көшесіндегі №62 үйде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нен.
Өртті аулада ойнап жүрген 6 жасар бала байқаған. Қайрат алауды байқай сап, абдырамай үйге жүгіріп кеп, ата–анасын шақырды. Көршілес учаскедегі өртеніп жатқан қу ағаштың жалыны үй егесінің уақытша тұрағының шатырына көшті. Үйдің жанынан жүргізілген газ трубасы бар екенін ескерсек, оның соңы айтпаса да неге апарып соғатыны белгілі еді.
Келіп жеткен өрт сөндірушілер тобы өртті 16 сағат 30 минут шамасында сөндірді. Өртті сөндіруге 12 адам мен 3 бірлікті техника қатыстырылды.
2009 жылы туылған, №198 орта мектептің бірінші сынып оқушысы, Кенжебеков Қайрат Талғатұлының қырағылығының және өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында үй мен аула құрылыстары аман сақталып қалды. Өрт аумағы 10х10 метрді құраған қураған ағаш пен 5х15 метрдің шамасындағы уақытша үй тұрағының шатырын құрады. Өрт оқиғасы салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталуда.