ТҮПКІЛІКТІ ЖАЗА ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Байқоңыр қалалық сотында ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлімімен қылмыстық теріс қылық әрекетін жасағаны үшін сотталушы Б.-ға қатысты үкім шығарылды.
Сотталушы Б. наркотикалық масаң күйінде, кафенің қасында көше бойында, өзінің жеке басына пайдалану үшін өткізу мақсатынсыз наркотикалық зат мөлшерін 5, 06 грамм (кептірілген марихуананы) заңсыз сақтаған.
Сотталушы Б. бұрын Байқоңыр қалалық сотының 14.04.2015 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 106 бабының 1 бөлімімен ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға шектеуге сотты болған. Осы үкім қабылданғанша 11.04.2015 жылы сотталушы Б. теріс қылық әрекеттерін жасаған.
2015 жылдың 10 қыркүйегінде сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде соммасы 49550 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 58 бабының 3,6 бөлігінің негізінде 14 сәуір 2015 жылы Байқоңыр қалалық сотының үкімімен тағайындалған жаза бойынша қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі