АЛМАТЫДА ТРАМВАЙДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БОЛҒАН ЖКО-ДА ЖАПА ШЕККЕНДЕР САНЫ 5 АДАМҒА ЖЕТТІ
Алматыда трамвайдың қатысуымен болған ірі жол апатынан жапа шеккендердің саны трамвайдың жүргізушісімен бірге 5 адамға дейін жетті, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Алдында хабарланғандай, кеше түске дейін Байтұрсынов пен Қарасай көшелерінің қиылысында жол апаты орын алған. Байтұрсынов көшесімен құлдилаған темір вагондар жолындағы 14 машинаны сүріп кеткен. Оқиға орнында болған интернет қолданушыларының көбі трамвайдың тежегіші істен шыққан деген болжам айтуда.
"Апаттан бес адам жапа шекті, оларың арасында 1983 жылы туылған трамвай жүргізушісі де бар", — деді Әзірбек.
Жол-көлік оқиғасы қазір ҚР ҚК 345-бабының 1-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.