Э.ТҰРСЫНБАЕВА АҚШ-ТА АЛҒАШ РЕТ ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА СЫНҒА ТҮСІП, «КҮМІС» ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
15 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Солт-Лейк-Ситиде өткен ірі халықаралық турнирде күміс медаль ұтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Спортшы АҚШ-тағы International Classic турнирінде ересектер арасындағы ресми жарысқа қатысты. Қысқа бағдарламадан кейін Тұрсынбаева төртінші орында болды, ал еркін бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы тамаша өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді.
Жапондық Сатоко Мияхара турнир чемпионы (183,64 балл) атанды. Мияхара - 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Гран-при және "Төрт құрылық турнирі" кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері.
Элизабет Турсынбаева жапондықтан алты балл (177, 91) аз алды, үшінші орынды америкалық Анджела Ванг (166,80) иеленді.