ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР 6 ГАЗ БАЛЛОНДЫ СЫРТҚА ШЫҒАРДЫ
«101» байланыс нөміріне кеше сағат 14:54 шамасында С.Қожанов көшесіндегі №5 жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан «времянкада» өрт оқиғасы орын алғандығы туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына жедел келіп жеткен Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 өрт тобы өрт ошағынан 6 газ баллонын алып шықты. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Пайда болған жалынға небары бірнеше метрдей жақын жерде үш отбасының тұрғын үйі мен балабақша орналасқан болатын. Ауысым бастығы, аға инженер, өртке қарсы қызмет майоры Нұрқанат Ишанбеков ойланбастан көмірленген, жарылуға қауіпті екі баллонды шығарды. Енді бір-екі сәт өткенде баллон жарылатын еді. «Времянка» мен қасындағы гараж түгі қалмай жанып кеткен. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдай орын алған жоқ.
Өртті жоюға 17 адам және 3 техника, жедел–штаб көлігі және Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің өрт зертханасының сынақ техникасы іске қосылды. Төрт адамға дәрігерлік жәрдем көрсетіліп, баласы бар 5 азаматқа өртке қарсы қызметтің психологы психологиялық көмек көрсетті.
Өрт оқиғасы кезінде зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталуда.