АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАР АРТТЫ
Қызылорда облысында 2015 жылдың 8 айында 9228 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген болса, оның 960 алаяқтық қылмыстарды құрап, 149 немесе 18,4 % өскен. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Осы мерзім ішінде тіркелген 960 алаяқтық қылмыстарын түрлеріне бөліп саралағанда, олардың 86 қарыз алуға, 18 келісім шарттарға, 173 кредитті рәсімдеуге, 29 телефон арқылы алдауға, 102 жұмысқа орналастыруға, 33 жылжымайтын мүлікке, 34 ұялы телефонды иеленуге, 39 жер учаскелерін алып беруге, 1 пәтерді жалға беруге және 445 өзге де түрлеріне қатысты орын алған.
Зерттеу барысында алаяқтық қылмыстарды негізнен жұмыссыз, жас шамалары 25-пен 50 жас аралығындағы әйел кісілермен жасалғандығы белгілі болды. Ал, жәбірленушілердің жеке бастарына келсек, олар негізінен 20-мен 50 жас аралығындағы, жұмыс жасайтын азаматтарды құраған.