ӨГЕЙ ӘКЕСІНЕН ӨШ АЛҒЫСЫ КЕЛІПТІ
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 103-бабының 1-бөлігімен, 175-бабының 2-бөлігінің «а, в» тармақтарымен айыпталған кәмелетке толмаған сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Н. өз үйіне келіп, анасының азаматтық некедегі күйеуі В.-ның ұйықтап жатқанын байқап, көптен алғысы келіп жүрген өшін алу үшін жәбірленуші В.-ның басынан үстелмен ұрып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші ауыр дене жарақатын алады.
Өзінің қылмыстық әрекетін ары қарай жалғастырып, көшеде досы Е.-ны кезіктіріп, екеуі кафеге ұрлыққа түсуге келісіп, алдын ала сөз байласады. Осылайша екеуі кафе терезесінен кіріп 343 000 теңге ұрлап, ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «а, в» тармақтарында көзделген қылмысты жасаған.
Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 103-бабының 1-бөлігімен, 175-бабының 2-бөлігінің «а, в» тармақтарымен кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған сотталушы Н.Петрушин 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Соттың баспасөз қызметі